Analysis of the book "Manakibu Abi Khanifa" Imam az-Zahabi
Имам әз-Зәһәбидің "Мәнәқибу Әби Ханифа" еңбегіне талдау

D.D. Sakan, al-Farabi Kazakh national university, K.S. Bagashar, A.Sh. Zhamashev, al-Farabi Kazakh national university, al-Farabi Kazakh national university
2020 Eurasian Journal of Religious Studies  
Мақалада белгілі хадистанушы, тарихшы, әрі көптеген биографиялық, тарихи танымал еңбектердің авторы, Шамсуддин Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Ахмад әз-Зәһәбидің қаламынан жарық көрген «Мәнәқибу Әби Ханифа уә сахибәйһи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан» атты еңбегі жайлы мағұлматтар беріліп, кітаптың мазмұны мен арасындағы негізгі тақырыптары қысқаша талданады. Әбу Ханифаға қатысты шағын биографиялық мәліметтер, оны «табиғин» санатына жатқызу мәселесі және оның сыртқы бейнесі, жүріс-тұрысы,
more » ... мен қоғамдағы адамдармен мәмілесі турасында айтылған сенімді деректер жинақталып қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада Имам Ағзам Әбу Ханифаның бойынан имандылық, адамгершілік, тақуалық, кішіпейілділік, аманатшылдық, туралық, көркем мінезділік, жомарттық сынды жалпы нағыз мұсылманға тән болған асыл қасиеттер және де ислам ғұламаларының бойынан табылуы қажет болған асқан даналық пен зеректік, ыждахаттылық, артық сөзден аулақ болу, терең ой, ғылымға деген ерекше құрмет пен махаббат, құлшыныс пен ынта сияқты сипаттардың көрініс беруі әртүрлі деректер арқылы жеткен оқиғалар мен ғалымдардың сөздеріне негізделе отыра баяндалады. Имам Әбу Ханифамен замандас болған немесе кейінгі уақыттарда өмір сүрген беделді имамдардың оған қатысты көзқарастары назарға алынады. Түйін сөздер: Әбу Ханифа, ханафи мазһабы, Зәһәби, Мәнәқиб, ислам ғалымдары. Analysis of the book "Manakibu Abi Khanifa" Imam Az-Zahabi This article provides information about the book "Manakibu Abi Khanifa wa sahibayhi Abi Yusuf wa Muhammad Ibn al-Hasan", the author of which is a well-known scholar of hadith, historian and author of numerous biographical historically known works, Shamsuddin Abu Abdullah Muhammad Ibn Ahmad az-Zahabi. As well as the content and main themes of the book will be briefly analyzed. Various issues will be considered, such as some biographical data relating to Abu Khanifa, the question of his classification as a "tabiin" and reliable data on his appearance, his behavior, character and relations with people in society. The article mentions that Imam Aazam Abu Khanifa possessed the noble qualities of real Muslims such as morality, morality, piety, humility, good character and generosity. And that it was characterized by attributes necessary for Islamic scholars, such as: wisdom and prudence, selflessness, abstinence from worldly good, deep thoughtfulness, special respect and love for science and enthusiasm for it, and all based on the stories and words of scholars who came from various reliable sources. The focus is on the views of influential imams who were contemporaries of Imam Abu Khanifa or those who lived after him.
doi:10.26577/ejrs.2020.v21.i1.r5 fatcat:d5vdx4jbpvhcvmm5iks5f4aahi