ДЕСТИНАЦИЯЛЫҚ БРЕНДИНГТІ ЖҮРГІЗУДЕГІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ КӨЗҚАРАСТАР

Гаухар Ильясовна Ешенкулова, Рина Есимовна Ағыбетова, Жансая Ержанкызы Тұрғамбекова
2020 Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series  
Мақалада дестинациялық брендингті жүргізудегі институционалды көзқарастарға мән беріледі. Дестинациялық бренд тұжырымдамасы маркетингтің жерді дамыту контексті арқылы құрылып, қолданылуда және аумақты жылжытудың теорияларынан бастау алады. Мақала зерттеуінің мақсаты, дестинациялық брендингтің нәтижелі жүргізілуін сипаттайтын көзқарастарды анықтау. Дестинациялық брендинг өз қызметінің нәтижесінде экономикалық дамуды көздейді. Сонымен қатар, мақала зерттеуінде аумақты дамытудың тәсілдері мен
more » ... тәсілдері мен табыс факторлары дестинация брендін қалыптастырудың алғышарты ретінде көрініс тапқан. Институционалдық зерттеулерге сүйенетін стратегиялық жоспарлаудың негізгі принциптеріне де мән берілді. Аумақ брендингін жүргізудегі институционалды көзқарастарға сәйкес мүдделі тараптардың жүйелі қызметінің нәтижелілігі айқындалды. Зерттеу мақсатына жетуде дестинациялық брендингті жүргізудің тиімді тәжірибелерінің ұлттық брендингті жүргізудің институционалды үлгісімен ұқсастықтары анықталды.
doi:10.48081/pkhg2438 fatcat:7exqzv2qp5ec3n5tjtiuah2e4q