«ЦЕОБАЛЫҚ» ПРЕБИОТИГІН ЖАЙЫН БАЛЫҚТАРЫНЫҢ (CLARIAS GARIEPINUS) НЕГІЗГІ РАЦИОНЫНА ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ӨСУ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

А. С. Аккозова, Н. Б. Caрcембaевa, К.М. Ромашев
2022 HERALD OF SCIENCE OF S. SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY  
Мақалада жайын балықтарының негізгі ас үлесіне «Цеобалық» пребиотигін қосу кезіндегі балықтардың өсу көрсеткіштері мен физиологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері берілген. Тәжірибелік зерттеулер «TENGRYFISH» ЖШС-де жүргізілді. Бақылау тобының негізгі азығының құрамына пребиотикалық азықтық қоспа қосылмады, ал қалған екі тәжірибелік топтардың негізгі азығына «Цеобалык» пребиотигі 5% және 10% мөлшерде қосылды. Зерттеу жұмысының ұзақтығы 61 тәулікті құрады. Жұмыстың алынған нәтижесі негізгі азық
more » ... амына пребиотикті азықтық қоспаны қосып балықтарды қоректендірген топтардың өсу көрсеткіштері жоғары болғанын және физиологиялық күйлері жақсы болғанын көрсетті. Пребиотик қосылған азықпен қоректенген балықтардың тәжірибелік топтарының абсолютті өсімі бақылау тобымен салыстырғанда 4,9% және 13,6% жоғары болды. Екінші топтағы балықтардың өмір сүру қабілеті 96%-ды құрады. Алынған қорытындылар бойынша «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі азығына 5% мөлшерде қосу оңтайлы болатындығы анықталды. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелер «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі рационына пребиотикалық азықтық қоспа ретінде қолдануға болатындығын және пребиотиктің жайын балықтарының ағзасына оң әсер ете алатындығын көрсетті.
doi:10.51452/kazatu.2022.4.1239 fatcat:sqgkncbhpnhirdowzlsw6ca3zm