ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

Балнұр Темірғали, Мадина Серикова
2022 «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ»  
Салалық бағдарламалар бюджет жүйесінің барлық деңгейлеріндегі атқарушы билік органдарының қызметінде басқарудың бағдарламалық және мақсатты әдісін іске асырудағы айқындаушы құрал болып табылады. Мақалада Қазақстандағы мемлекеттіксалалық бағдарламалар мен бағдарламалар жүйесі талданды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық құжаттарындағы мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуді талдау және бағалау жүргізілді. Аталмыш зерттеу нәтижесіне сәйкес дамыған
more » ... ердің үкіметтері стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеукезінде пайдаланатын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары мен озық тәжірибелері келтірілген.Ұсынылып отырған талдау халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне, мемлекеттік органдардың есептеріне негізделді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларды әзірлеуінің және жүзеге асыруының негізгі проблемалық бағыттары көрініс тауып отыр. Мониторинг жүргізу әдістемесінің болмауы және салалық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстардың жүйелендірілмеуі ағымдағы үрдістер мен проблемалық мәселелерді дер кезінде табуға, шешу жолдарын анықтауға, сондай-ақ жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, зерттеу барысында өңдеу өнеркәсібінің салалық бағдарлама қорытынды нәтижелері көрсетілді. Салалық бағдарламақұжаттарының сапасы көбінесе болжау және талдау жұмыстарының сапасына, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қолында бар әдістемелік құралдарға байланысты деп қорытындыланады. Мақалада салалық бағдарламаға қатысты өңдеу өнеркәсібінің жетілдірумақсатына сәйкес энерготиімділік және энергия аудиті ұғымдары бойынша ұсыныстар көрсетілді.
doi:10.55871/2072-9847-2022-57-4-6-18 fatcat:tskcvngwgvbnte6ifpatzbsxdy