The role and image of a man in modern Kazakh society (based on the results of a sociological survey)

R. А. Тorekhanova, U. G. Аnesova
2021 Eurasian Journal of Philology: Science and Education  
Гендер ғылымы жыныс бойынша әйелдер мен еркектердің арасындағы ерекшеліктерді зерттейді. Бұл ғылымның дамуы әрбір елде еркек пен әйелдерге қатысты көзқарастар мен талаптардың өзгерісіне алып келді. Германия, Франция, АҚШ-тан бастау алған феминистік қозғалыстардың шығуы да осы гендер ғылымының дамуына тікелей әсер етті. Бұл өзгерістер қазақ қоғамында да көрініс тауып жатыр. Себебі бүгінде қазақ қоғамында да ер жігіттің бейнесі бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өзгерді деген пікірлер пайда болды.
more » ... ақ қоғамындағы ер жігіттің бейнесі экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және инновациялық жағдайлардың әсерінен біршама өзгерістерді өз басынан өткізді деп айта аламыз. Біз осы мәселені анықтау мақсатында сауалнама жұмысын жүргізген болатынбыз. Сауалнама барысында респонденттерге андроцентризм, әйел және еркек теңдігі, нағыз ер жігіттің бойындағы қасиеттер қандай болу қажет деген сұрақтар лебі қойылды. Сондай-ақ мақалада «жігіт» сөзінің шығу тегі, онымен байланысты сөз тіркестердің мағыналары талданып, қазақ танымындағы жігіттердің рөлі мен орнына қатысты пайымдаулар келтіріледі. Шетелдік және отандық ғалымдардың гендерлік лингвистика, әйел және еркек сөйлеу тіліне қатысты ерекшеліктері жөнінде айтқан тұжырымдары талқыланады. Бүгінгі Қазақстандағы гендерлік лингвистиканың шығу тарихы мен жай-күйіне қатысты тың ақпарат беріліп, феминистік ұйымдар мен олардың қызметі және олардың қоғамдағы орнына қатысты пікірлер талданады. Аталмыш жұмыста сауалнама нәтижелерін талдай отырып, біз қазіргі қоғамдағы қазақ жігітінің бейнесі мен рөлі қандай деген сұрақтарға жауап беретін боламыз. Түйін сөздер: ер жігіт, гендерлік зерттеулер, андроцентризм, әйел және еркек тілі, инвективті лексика. The role and image of a man in modern Kazakh society (based on the results of a sociological survey) The gender science studies the differences between women and men by gender. The development of this science has led to a change in attitudes and requirements for men and women in each country. The emergence of feminist movements which are originating in Germany, France, and the United States also directly influenced the development of this gender science. These changes are also reflected in the Kazakh society. Because today there are opinions in society that the image of the modern man differs from the image of the last generation man. We can say that the image of men in Kazakhstan society has undergone significant changes under the influence of economic, political, cultural, social and innovative conditions.We conducted a survey to identify this issue. During the survey, respondents answered questions about androcentrism, the equality of women and men, and what qualities should have a real man. This article analyzes the origin of the word «zhigit» and different definitions of words associated with it, and also different opinions about the role and place of men in Kazakh cognition. There are discussed deductions of foreign and domestic scholars about gender linguistics and differences in male and female speech. There is also studied information about the origin and status of gender linguistics in Kazakhstan, and the views of feminist organizations in our country, their activities and place in society. In this paper, we are analyzing the results of the survey, we will answer the questions about the image and role of the Kazakh man in modern society. Key words: male, gender research, androcentrism, language of men and women, invective vocabulary.
doi:10.26577/ejph.2021.v182.i2.ph9 fatcat:cwlocjvbkbeqjek4bsugjfamdq