ҚАЖЫ – МҰСЫЛМАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ

Нұрлан Берденұлы Мансұров
2020 Bulletin of Toraighyrov University. Philology series  
Ұсынылған мақалада тіл тарихында қолданыс тауып келетін «қажы» сөзінің мағыналық сипаты бойынша тілдік материалдар қарастырылған. Басты талдаулар сөздің мазмұны мен мағыналық ерекшеліктеріне орай және өзге үлгідегі нұсқалары негізінде сараланған. Қажы сөзінің төл тілдегі тұлғасы, қалыптасуы, оның айтылуы мен жазылуы сөз етілген. Сөздің мағыналық сипаты айқындалып, оған қоса өзгеріске түскен үлгілерінің тіліміздегі дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі нәтижесінде қалыптасуы барынша талданған.
more » ... барысында сөздің тілімізде орнығуы, қолданылуы және тұлғалық өзгеріске түсуі, ұғымы мен атқарған қызметтері де сараланған. Қажы сөзінің мұсылмандар қасиет тұтатын жерді зиярат ету мағынасы, тілдік ұғымда қасиет тұтқан нәрсеге ұмтылу, талпыну және ниеттену, ал терминдік мағынасы – қажылық айлары деп саналатын мезгілде Мекке қаласына қажылық жасау шарттары сөз етілген. Бұл ретте кірме сөздердің автор қандай сөз болмасын ол өзге тілге енген сәтте мағыналық әрі тұлғалық жағынан өзгеріске түсетінін, сондай-ақ кіріккен тілдің дыбыстық ерекшелігіне қарай бейімделетінін, әрі сөздердің айтылуы мен жазылуы жайлы тұжырымды ойлар ұсынған. Ұсынылған ой-тұжырымдар тілші ғалымдардың пікірлерімен ұштасады. Теориялық тұрғыда кірме сөздердің қалыптасуы жайлы мұндай тұжырымдар мен ғылыми көзқарастар автордың өзіндік түйіндер жасауына жол сілтейді.
doi:10.48081/sihf2643 fatcat:ah5fwzkz55b4jhcvmoqrx3ghsy