КОМПАНИЯНЫҢ HR-БРЕНДІ АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Н. Р. Әбдіжанова, Н. У. Шеденова
2022 Bulletin of Toraighyrov University Humanities series  
Мақалада жұмыс берушінің бренді тұжырымдамасы әлеуметтанулық аспект бойынша қарастырылды. Қазіргі жағдайдағы жұмыс берушінің брендінің еңбек нарығындағы ерекшеліктері көрсетілген. Ғылыми әдебиеттерден HR-бренд анықтамасының түсіндірмелеріне сыни шолу жасалды, олардың арасындағы ортақ белгілер атап өтілді. Жұмыс берушінің брендін құрайтын негізгі элементтер атап көрсетілген. Компанияның HR-брендінің байланыс арналары қарастырылған. Жұмыс берушінің брендингінің міндеттері көрсетілген. Соңғы
more » ... ы әлемде және әсіресе Қазақстан экономикасында қалыптасқан еңбек нарығындағы жағдай адам ресурстарын басқару саласындағы жұмыс орындарының тартымдылығын арттыру және HR-брендті қалыптастыру қызметін өзектілендіруге ықпал етеді. Бұл жағдай, бір жағынан, кадрлардың тапшылығымен, ал екінші жағынан, олардың ауыспалылығымен сипатталады, бұл жұмыс берушілер арасында білікті адами ресурстарына бәсекелестік туғызады. Кадрлар үшін бәсекелестік жағдайында кадрларды іріктеу және персоналды басқарумен айналысатын мамандар ұйым персоналын тиімді басқарудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады. Мұндай құбылыстарға HR-брендинг жатады. Осылайша, нарықта көшбасшылыққа ұмтылатын заманауи компаниялар өздерінің инновациялық әлеуеттерін компанияның барлық салаларында озық технологияларды қолдану арқылы құра бастайды. Ұйымның материалдық емес немесе зияткерлік капиталы да құзыретті реттеуді қажет етеді. Осы технологиялардың бірі – компанияның HR-брендімен жұмыс жасау.
doi:10.48081/jutx1908 fatcat:t32z4udfmzg3tbxqfo2hedtzda