Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық заңнаманы шет елдердің ұлттық заңнамасымен салыстырмалы-құқықтық талдау

Б. А. Қалмырзаев, Ө. Өзкан, Г. М. Раздықова, Е. Т. Бекбосынов
2021 Bulletin of Toraighyrov University Humanities series  
Бұл мақалада діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық заңнаманы кейбір шет елдердің ұлттық заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау жүргіземіз. Осы орайда қазіргі кездегі салыстырмалы құқықтану ғылымының теориялық негіздерін, сондай-ақ аталған ғылымның әрі құқық саласының зерттеу әдістері мен тәсілдерін нақты анықтап алайық. Әуелі отандық заңгер-ғалым, профессор М. Т. Баймахановтың жазған кітап мазмұнына жүгінейік. Онда «салыстырмалы құқықтану мен мемлекеттану тек жеке ғылыми ғана
more » ... емес, жалпы ғылыми әдістермен және көптеген зерттеу құралдары жиынтығымен толықтырылып жеке (салыстырмалы) әдіс шеңберінен асып, заң ғылымына бағытталған кең бөлімдердің біріне айналып отыр» [1, б. 6] деп жазылған. Автор аталған пікірімен жалпы негізде келісуге болады. Негізі салыстырмалы құқықтану құқық саласы ретінде арнайы құқық саласына жатады деп санаймыз. Себебі: біріншіден, аталған арнайы құқық саласының жеке зерттеу әдістері мен тәсілдері қазіргі құқық салаларын өзара салыстырып зерделеуде қолданылып келеді; ал енді екіншіден, бұл ретте салыстырмалы-құқықтық талдау тәсілі барлық құқық салаларының құқықтық институттары мен нормаларына жалпы жүйелі, жеке және өзара салыстыру іс-әрекеттері жасалады; үшіншіден, бұл арнайы құқық саласы сонымен қатар шет елдердің ұлттық заңнамаларын, сондай-ақ халықаралық құқықтың тиісті салаларымен салыстырылып зерттеледі. Сонымен қатар ерекше айта кетер жайт, мемлекеттануды зерделеу барысында салыстырмалы-құқықтық талдау тәсілі міндетті түрде қолданылады.
doi:10.48081/loog2605 fatcat:2wkxip3guzhvdi3rfq4bxzasf4