Қазақ тіліндегі «еркек-әйел» бинарлы оппозициясының лексикографиялық репрезентациясы

К.Б. Жумашева
2022
Мақала қазақ тіліндегі еркек-әйел бинарлы оппозициясының лексикографиялық репрезентациясын айқындауға арналған. Аталық және аналық бастау туралы түсініктің, сонымен қатар олардың қарама-қарсылығының тілде көрініс беруін қазіргі гендерлік лингвистика, немесе лингвистикалық гендерология. зерттейді. Гендер әлеуметтік жыныс, қоғамдағы тұлғаның жыныстық ерекшелік факторы ретінде тілде көрініс бермеуі мүмкін емес. Мақалада гендерлік фактордың көрінісі тілдің барлық деңгейлерінде зерттелуі керектігіне
more » ... және гендерлік лингвистиканың негізгі бағыттарының бірі ретінде гендерлік лексикография екендігіне мән беріледі.Жұмыста еркектік және әйелдік концептілерге қатысты әлеуметтік-мәдени түсініктердің тілдік құрылымдалуын анықтауда лексикографиялық бағыттағы гендерлік зерттеулер лингвомәдени ұстанымды толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігі, түсіндірме сөздіктер ұлттың әлемдік тілдік бейнесінде қалыптасқан ерекшелігін көрсететіндігі, концептінің ядролық негізінің дамуын, өзгерісін анықтайтындығы маңызды фактор ретінде қаралады.Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикографиялық аспектіде еркек - әйел бинарлы оппозициясының мазмұнын айқындау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін сөздік дискурсы гендерді құрылымдаудың маңызды ресурстарының бірі ретінде зерттеу көзі мен талдау объектісі ретінде алынып, сөздіктердегі гендерлік лексемаларға талдау жасалады.Зерттеу әдісі ретінде сөздің мағыналық құрылымы, оның ішінде сөз мағынасын зерттеудің құрылымдық әдісі (компоненттік талдау) қолданылады. Компоненттік талдау әдісі арқылы қазақ тілінің түсіндірме сөздіктеріндегі еркек – әйел концептуалды оппозициясы номинантарының сөздік дефиницияларын талдау жолымен сөздердің базалық бөлігінің семантикалық құрылымы анықталады, сөздіктердегі ер, еркек және әйел, қатын сөздерінің түсіндірмелері талданып, ер және әйел түсініктері арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер айқындалады.Зерттеу нәтижесінде лексемалардың ядролық және қосымша компоненттері анықталып, бинарлы оппозицияның құрамындағы лексемалардың мағыналары салыстырыла келе, еркек пен әйел түсіндірмел [...]
doi:10.48371/phils.2022.64.1.004 fatcat:hpsucwgmyfafnd6rrhoixoakqe