ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ТІРІЛЕЙ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Ускенов Р. Б., Бостанова С. К., Аққаир Б. Ж., Исабекова С. А., Нәсір Ж. Қ.
2022 HERALD OF SCIENCE OF S. SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY  
Бұл мақалада қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының тірі кезіндегі еттілік қасиеттерін бағалау нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары26.10.2021 – 17.02.2022 аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратское ауылы, «Новобратское и К» ЖШС-де өткізілді. Тәжірибе жүргізу үшін 127 бас 7-10 айлық бұқашықтар іріктелініп алынды. Бағалауғақойылған бұқашықтардың бастапқы орташа тірілей салмағы 247 кг, бағалау кезеңінің соңында 336 кг құрады және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім824,3 г болды.
more » ... у кезеңінде арқадағы майдың орташа қалыңдығы 3,11 мм, арқадағы майдың жоғарғы қалыңдығы - 7,57 мм, ал ең төменгі қалыңдығы - 1,67 мм болды. Табын бойынша бұлшықет көзінің орташакөлемі - 45,95 см2, ал ең жоғарғысы - 70,90 см2 және ең төменгі көлемі - 30,50см2 құрады. Зерттеу барысында бұлшықет мәрмәрлығы бойынша жоғарыбаллға (ААА) ие болған 9 бұқашық анықталды.
doi:10.51452/kazatu.2022.3(114).1095 fatcat:2hut5m7y4jd23fc2gdlqkmiywi